Мемлекеттік сатып алу процесінде олқылыққа жол берген 183 қызметкер жауапқа тартылды

2023 жылғы 26 қаңтар, 13:07
Мемлекеттік сатып алу процесінде олқылыққа жол берген 183 қызметкер жауапқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесі былтыр мемлекеттік сатып алулар кезінде тауар құны қымбат етіп көрсетілген 1 мыңнан астам жайтты анықтаған. Бұл туралы аталған кеңестің мүшесі Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы біз 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегін көрсеттік. Ұйымға барлығы 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың көпшілігі объектілерді салу және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен байланысты болды. Өткен жылы біз 20 млрд теңгеден астам сомаға 1 мыңнан астам тәуекелді сатып алуды анықтадық. Шенеуніктер сатып алуларды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан жағдайлар жиі кездеседі», - деді Дидар Смағұлов.

Оның мәлімдеуінше, қоғамдық кеңестің өтініштері негізінде өткен жылы мемлекеттік сатып алу процесінде олқылыққа жол берген 183 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar