Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, Президент Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін атап өтті.

«Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет» деп жазды ол.


Соңғы жаңалықтар