Мемлекеттік рәміздер күні: Ақтауда мотошеру өтті

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай мотошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рәміздер күніне орай 2 маусымнан бері «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтті. Мұнайлы ауданы Батыр ауылында 200-ге жуық тұрғын әнұран шырқады. Ақтау қаласының жастары «Амфитеатр» алаңында «Атамекен», «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әндерді айтып, көпшіліктің назарын аударды. Ал бүгін 4 маусым күні 12 мотобайкер мен 20-дан астам жеңіл көлік жүргізушілері көк байрақты желбіретіп, 1 сағат көлемінде қаланы аралады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

«Баршаңызды Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған көк туымыз көгімізде желбіресін. Елтаңбамыз ұлықталып, әнұранымыз ізгі ұғымдардың рухани жаршысы ретінде шырқала берсін» - деді Абзал Марат «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы

Сонымен қатар Абзал Мараттың айтуынша, бұл игі шараға қала тұрғындары да белсенді қатысқан.

«Мен қала тұрғыны ретінде Рәміздер күнін ерекше атап өтуді жөн санадым. Өйткені бұл патриоттық рухты көтеріп, ұлттық намысты ұлықтайтын мереке. Халқымыздың тәуелсіздік нышандарына деген құрметі аса зор. Бірлігі мықты, ынтымағы жарасқан ел болайық», - деді Сабыр Сержан.


Соңғы жаңалықтар