Мемлекеттік рәміздер күні: Ақмолалық белсенді жастар марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Бұқпа тауының баурайында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 26 жылдығына арналған акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін еліміз маңызды мерекені атап өтуде. 1992 жылдың 4 маусымы ел тарихына Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қабылданған елеулі күн болып енді. Оларды құрметтеу - еліміздің әрбір азаматының қастерлі парызы және міндеті. Ортасында алтын түстес күн мен қыран құс бедерленген көк Туымыз, шаңырақ бейнесіндегі Елтаңба - осылардың барлығы тұрғындар үшін ортақ мекеннің символына айналып, әркез бейбітшілікте, береке-бірлікте өмір сүруге шақырады», - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.nullnull

Акция барысында Айна Мысырәлімова мемлекеттікті нығайтуға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген бір топ белсенді жастарды Ақмола облысы əкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Осындай жоғары құрметке лайық болғандардың арасында жастар мен студенттер еңбек жасақтарының облыстық штабының атқарушы директоры Жания Мұқашева,  ЭКСПО көрмесінің волонтері, «Жаңа толқын» жастар бірлестігінің  төрайымы Жайнагүл Ғаббасова сияқты бір топ жастар бар.

nullОдан әрі Көкшетау қаласының автокөлік əуесқойлары қауымдастығының өкілі Қанат Үмбетовке көк Туымыз салтанатты түрде тапсырылды. Барлығы 10 автокөліктен құралған колонна Мемлекеттік рəмізді алып қаланың басты көшелерімен жүріп өтті.  Мерекелік шара жергілікті шығармашылық ұжымдардың орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

null

Соңғы жаңалықтар