Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қабылдаған шаралар нәтиже бермей отыр - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қабылдаған шаралар айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде жалпы өрт мәселесі күрделі жағдайда. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің және жергілікті атқарушы органдардың қабылдап жатқан шаралары айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Соңғы жылдары елімізде жыл сайын 15 мыңнан астам өрт тіркеледі. Былтыр өрттен 846 адам зардап шекті. Оның ішінде 434-і қайтыс болды. Тікелей өрттен келген материалдық залал 3 млрд теңгеден асты», - деді миинстр.

Бұл ретте оның дерегінше, өткен жылы өртен қаза тапқан адамдар саны Атырауда 2 есе, Алматы қаласында, ШҚО, Павлодар облыстарында 25 пайызға, Жамбыл облысында 8 пайызға артқан.

«Өрттің 60 пайыздан астам тұрғын үй секторына тиесілі. Оның 40 пайызы халықтың отты абайсыз пайдалануынан, 20 пайызы пешті пайдалану барысында өрт қауіпсіздігін сақтамаудан және 16 пайызы электр жабдықтарынан орын алған. Қысқы маусымға дайындық аясында біз өткен жылдың қыркүйегінде және желтоқсанында өрт қауіпсіздігі айлығы дер уақытында өткізілді. Нәтижесінде 2018 жылдың қараша-желтоқсанында және осы жылдың қаңтарында өрт санының 2 пайызға, адам өлімінің 27 пайызға төмендеуі байқалады», - деді Қ.Қасымов.

Дегенмен, оның айтуынша, ақпан айының алғашқы он күнінде өрттен 18 адам, оның ішінде 5 бала және иістен 6 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар