Мемлекеттік орман қорғау жұмысының тиімділігі төмен - Ерлан Нысанбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облысында орман ағашын заңсыз отау көлемі артып барады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы орман мекемелерінде ағашты заңсыз кесу көлемінің ұлғайып бара жатқаны байқалатынын атап өткен орынды. Бұл ретте Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ағаштарды заңсыз отаудың негізгі фактілері «Ғарыш сапары» АҚ-пен бірге орман қоры аумағын ғарыштық мониторингілеу барысында анықталып отыр. Ал бұл аталған облыстардағы мемлекеттік орман қорғау жұмыстары тиімділігінің төмендігін және біздің аумақтық бөлімшелер тарапынан бақылаудың нашарлығын көрсетеді», - деді ол.

Вице-министр сексеуіл көшеттерін сақтау шаралары қабылданып жатқандығын айтты. мәселен, өткен жылы 2023 жылға дейін сексеуілді кесуге мораторий ұзартылды. Бұған қоса, сексеуіл көшеттерін егу көлемі де артып келеді.

«Сексеуіл үйді жылытуға, кәуәп пісіруге арналған отын ағашы деген түсінікті бұзып, оның экологиялық қызметтерді де атқаратын негізгі көшет екенін түсіндіруге бірлесе күш салуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді Ерлан Нысанбаев.


Соңғы жаңалықтар