Мемлекеттік органдардың басшылары әзірге тиісті міндеттерін атқара береді - Президент Жарлығы

2022 жылғы 26 қараша, 14:06
Мемлекеттік органдардың басшылары әзірге тиісті міндеттерін атқара береді - Президент Жарлығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың сайтына Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Жарлық шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қараша, № 6», - деп жазылған Жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімі Алтай Көлгінов өз «отставкасы» туралы пікір білдірген болатын.

«Өздеріңіз білесіздер, заңға сәйкес, Конституция бойынша Президент сайланғаннан кейін әкімдердің бәрі де өз лауазымын босатады», - деген еді шенеунік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar