Мемлекеттік органдардың әр шешімі халық игілігіне бағытталуы тиіс – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың әр шешімі, әр іс-қимылы экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне бағытталуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың табысын арттыру – басты міндет екендігін атап өтті. Мемлекеттік органдардың әр шешімі, әр іс-қимылы экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне бағытталуы тиіс», - деді ол.

Асқар Мамин мемлекеттік органдарға ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар жоспарына қосу үшін ұсыныстарды бүгінгі күннің соңына дейін Экономика министрлігіне енгізуді тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі екі күн мерзімде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізсін. Жоспардың іске асырылуын бақылау және үйлестіру Әлихан Асханұлы, өзіңізде», - деді Премьер-Министр өзінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа қарата.


Соңғы жаңалықтар