Мемлекеттік органдарда жыл сайын 30 пайызға жуық қызметкерлер ауысады - А. Мусин

None
None
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жалпы мемлекеттік органдарда жыл сайын 30 пайызға жуық қызметкерлер ауысады.

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен кеңесте ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде мемлекеттік қызметкердің жалақысы жеткілікті деңгейде жоғары. Еліміз бойынша орташа алғанда бір орынға конкурс 5 адамнан асады. Мемлекеттік қызмет мәртебелі болып отыр»,-деп айта келе Аслан Мусин кадрларды іріктеу және орналастыру шаралары кәсіби тұрғыда емес екенін сынға алды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызметкерлердің тек үштен бір бөлігі ғана ауыл шаруашылығына қатысты білімі бар. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігіндегі әрбір екінші адамның сәйкес білімі бар»,-деді Әкімшілік басшысы.

«Өткен жылы мемлекеттік органдардағы әрбір екінші комитет төрағасы ауысты. Жалпы мемлекеттік органдарда жыл сайын 30 пайызға жуық қызметкерлер ауысады»,-деді А. Мусин.

Соңғы жаңалықтар