Мемлекеттік органдар ведомствоға тәуелді ұйымдарды бәсекелестік ортаға беруге асықпай отыр - Б. Қуандықов

None
None
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдар ведомствоға тәуелді ұйымдарды бәсекелестік ортаға беруге асықпай отыр.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов осылай мәлім етті. Еске салсақ, Үкімет отырысында тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланған болатын.

«Қолданыстағы «Бәсекелестік туралы» заңға сәйкес, одан арғы қызметінен бас тартылған мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорын ұйымдары жекешеленуі немесе мемлекеттік мекемеге қайта ұйымдастырылуы қажет болатын. Алайда, бұған қарамастан мемлекеттік органдар ведомствоға тәуелді ұйымдарды бәсекелестік ортаға өткізуге асықпай отыр. Қазіргі таңда бас тартылған 440 кәсіпорынның 226-сы әлі күнге бәсекелестік ортаға берілмей келеді», - дейді Б. Қуандықов.

Агенттік басшысының айтуына қарағанда, бұндай олқылық негізінен мемлекеттік сатып алу туралы заң нормасының кемшілігінен орын алып отыр. «Онда 100 пайыз мемлекеттік кәсіпорындардың сатып алуларды бір көзден жүзеге асыру бар», - дейді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, монополияға қарсы органның бас тартуына қарамастан мемлекеттік кәсіпорындар қызметтерін жалғастырып, мемлекеттік тапсырыс алып келеді. «Проблема қатаң шараны талап етеді. Сондықтан да, мемлекеттік тапсырыстан бас тартылған кәсіпорынның нарықта қала беруіне жол беретін Үкіметтің қаулысын жою қажет деп санаймыз», - деді Б. Қуандықов.

Соңғы жаңалықтар