Мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындауы қажет - Сергей Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен ағымдағы мәселелер бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Мәжілісте өңір басшысы атап өткендей, барлық басқарма басшыларына облыс әкімінің орынбасарларының қатысуымен өткен жылдың қорытындысы мен 2014 жылдың міндеттерін шығару жөнінде кеңейтілген алқалар отырысын және мәжілістер өткізу қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар 2014 жылдың нәтижесі бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің қорытындысы сөз болып, Атбасар қаласында тұрғызылған 45 пәтерлік 4-ші үйге тұрғындарды қоныстандыру, Калачи селосының тұрғындарын көшіру, Қоянды ауылындағы салынған жекеменшік үйлерді бас жоспарға сәйкестендіру, Ақкөлдегі балалар үйінің құрылысы, өңірдегі отын қоры мен еңбекақы төлеу жағынан қарызы бар заңды тұлғалармен жұмыстар жүргізу және жақын күндері барлық қажетті тендерлерді өткізу бойынша мәселелер қаралды.

Осы ретте, өңір басшысы мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы қажеттігін атап өтті.

"Әрбір адам өзі жұмысына жауап беруі тиіс. Менің барлық тапсырмаларым мерзімінде орындалуы керек", - деді өз сөзінде облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар