Мемлекеттік органдар бензиннің сапасын бақылай алмай отыр - депутат Щегельский

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісіндегі отандық мұнай-газ саласын дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Глеб Щегельский бензиннің сапасын сынға алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе көптен бері біздің сайлаушыларымызды мазалап жүр. Себебі бензин сатушылары жоғары октанды бензинге төмен октанды бензинді жиі араластырып жатады. Қазіргі кезде бензиннің сапасын тексеру міндеті Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің құзіретіне кіреді. Бұрын ол жұмысқа Инвестициялар және даму министрлігі Теxникалық реттеу комитеті жауап беретін. Өкінішке қарай, бұрынғы комитет те, қазіргі комитет те бензиннің сапасын қатаң бақылауға ала алмай келеді. Сол себепті осы мәселені Үкіметке тиісті ұсыныстар жасап, жанар-жағар май стансаларында сатылатын мұнай өнімдеріне тиісті бақылау жүргізу қажет», - деп атап көрсетті депутат Щегельский.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет сағатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қашағандағы мұнай өндіру көлемінің коммерциялық деңгейге жеткенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар