Мемлекеттік органдар азаматтардың бейбіт жиналыстар өткізуіне кедергі келтіру құқығынан айырылды - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдар азаматтардың бейбіт жиналыстар өткізуіне кедергі келтіру құқығынан айырылды. Мұндай пікірді Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің қоғамдық-саяси процестерінің кезең-кезеңімен дамуы үшін бейбіт жиналыстар туралы заңның маңызы өте үлкен. Өйткені, азаматтардың саяси және әлеуметтік процестердің ішіндегі түрлі аспектілерге қатысты ой-пікірлерін еркін білдіруіне жол ашылып отыр», - деді саясаттанушы.

Оның атап өтуінше, бүгін Мемлекет басшысы қол қойған Бейбіт жиналыстар өткізу тәртібі туралы заңмен ең басты аспект оларды өткізудің анық-қанығы айқындалып отыр.

«Яғни, мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар азаматтардың Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар өткізуіне кедергі келтіруге құқығы болмайды. Бұл аспект елімізде азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғаудағы өте маңызды сәт саналады. Сонымен қатар бейбіт жиналыстар туралы заң митинг өтетін орынды да айқындайды. Мұндай орын қаланың және елді мекеннің орталық бөлігінде болуы тиіс. Қазақстан митинг пен бейбіт жиналыстар өткізудің хабарландыру жүйесіне көшіп жатыр. Бұл да барлық халықаралық стандарттарға сай келеді», - деді Ерлан Саиров.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар