Мемлекеттік органда басқару лауазымдары қысқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жарты жылда ықшам мемлекеттік аппарат құру аясында мемлекеттік органдарда штаттық көлемді оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы 19 ақпанда мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының штаттық көлемін оңтайландыру бойынша кешенді жоспар қабылданды. Бұл жоспар 2 жылға есептелген. Мұнда күтілетін ең басты нәтиже - халықтың мұң-мұқтажына бағытталған ықшам мемлекеттік аппарат құру», - деді Айгүл Шайымова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода өткен брифингте.

Оның айтуынша, алдағы жарты жылда орталық жергілікті атқару органдарында және ведомствалық бағынышты ұйымдарда штаттық көлемді қысқарту жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезекте басқару бөлімдері оңтайландырылады.

«Бүгінде мемлекеттік қызметтегі жыл сайынғы мониторинг деректері бойынша 1 жетекшіге 2 атқарушыдан келеді. Басқару бөлімдерін қысқарту жқмыстарын өзімізден бастадық, азаматтық және құқық қорғау бөлімдерінде қысқарту жұмыстары жүрді. Мәселен, Ұлттық бюрода 1 жетекшіге 7 атқарушыдан келеді», - деді ол.

Сонымен бірге, сапа мемлекеттік қызметші жұмысының басты көрсеткіші болады. Бұл аспектіде мемлекеттік органдар қызметіндегі қағазбастылықты азайту міндеті қойылған.

«Экономикалық зерттеулер қызметінде 40% кадрлық қысқарту жоспарланған. Дәл осындай жұмыс Ішкі істер министрлігінде, Әділет, Энергетика министрліктерінде жүріп жатыр. Өңірдерде де табысты тәжірибелер байқалады. Мәселен, Астана қаласының әкімдігінде құрылымдық бөлімшелер мен ұқсас қызметтер біріктірілді. Алғашқы кезеңде 27 құрылымдық бөлімше 17 бөлімшеге біріктірілді. Алдағы уақытта да біріктіру жұмыстары жалғасады және елорда әкімдігінде 13 құрылым қалады», - деді А. Шайымова.

Соңғы жаңалықтар