Мемлекеттік нөмірсіз жүрген көлік жүргізушісінен қару тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала жолдарында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген көлік жүргізушісінен суық қару табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тойота Камри» көлігі Тұран даңғылының бойында тоқтатылған. Тексеру барысында 35 жастағы жүргізушісінен тіркеуден шығарылған 12 мемлекеттік нөмір белгісі, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы мен 4 оқ тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Сондай-ақ, көлік жүргізушісінің астана аумағында болған қандай да бір құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоқтығын анықтау бағытында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар