Мемлекеттік мұрағатта Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай көрме өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы Мемлекеттік мұрағатта «Мәңгілік ел» идеясы арқылы қазақ мемлекеттігіне» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай өткізілген шара аясында арнайы көрме де ұйымдастырылып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақ хандығының орнауы мен қазақ мемлекеттілігінің құрылу алғышарттары маңыздылығы бойынша ұлт тарихының ең негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады. Ал 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының негізін қалады. Осылайша, XV ғасырдағы бұл тарихи оқиға кейінгі жүзжылдықтарда қазақ халқының бірігіп, нығаюына, ұлттың қоныстану аумағының тұтастығына, санғасырлық мәдениетінің гүлденуіне жол ашты. Дөңгелек үстел барысында тәуелсіз Қазақстан мен Қазақ мемлекеттілігінің орнауы мен дамуы, және біртұтас еркін ұлт идеясы мәселелері талқыланды.

«Біз биыл ұлттық мемлекетіміздің 550 жылдығын атап өтеміз. Шындығында, кейбіреулер тарихты 550 жылмен шектеу ұлы қазақ даласындағы мұраларды оның алдындағы тарихты елемеумен тең деп жүр. Бұл дұрыс емес. Біз бір нәрсені ұғып алайық: мәселе осыдан 550 жыл бұрын құрылған ұлттық мемелкет жайында болып отыр. Ал біздің кейбір көршілеріміз өздерінің ұлттық мемелкеттерін тіпті бертінде ғаан құрды емес пе? Сондықтан да, Қазақ хандығының 550 жылдығы ұлт мерейі үшін үлкен мәртебе» - деді Еуразия ұлттық университетінің профессоры Алтайы Оразбаева.

Шара аясында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған көрме орайластырылды. Көрмеге әйгілі қазақ хандарының атқарған жұмыстары жайлы жақын шетелдердің мұрағаттарынан табылған бірегей құжаттар ұсынылған. Атап айтсақ, Әбілқайыр ханның Ресей патшайымы Анна Иоановнаның және Абылай ханның Ұлы Екатерина патшайыммен алысқан хаттары қойылды.

Соңғы жаңалықтар