Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы лауазымына Бақытбек Тәшенев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы қызметке дейін Бақытбек Тәшенев Астана қаласындағы «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.

Бақытбек Тәшенев 1941 жылы Алматы қаласында д.ниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін инженер - экономист және заңгер мамандығы бойынша бітірген.

ҚР Қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Астана қаласында «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ басқарды.

Шет тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін, атап айтқанда, ағылшын тілін еркін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар