Мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер 2,7 есеге артығымен орындалды - Б.Жәмішев

None
None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы мемлекеттік меншіктерден түскен түсімдер көлемі 2,7 есеге артығымен орындалды. «Қазақмыс PLC», «ENRC PLC» компанияларынан жоспардан тыс 3,5 миллиард теңге түсті.

 Ал «Самұрықтан» түскен қаржы жоспардағыдан 1,7 есеге артық болды. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2008  жылғы республикалық бюджеттің атқарылуына байланысты баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтеріне қарағанда, жоспардан тыс пайда «ҚазАтомөнеркәсіп» ұлттық компаниясынан  да түскен. Ұлттық компанияның қаржысы жоспардан 1,4 есеге көп болған. Сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың сәтімен жүзеге асырылуының нәтижесінде мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері өздеріне жүктелген қызметтерді жүзеге асыруға қажетті қаржымен толық қамтамасыз етілді. «Аталғандармен қатар өткен жылы шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар сәтті жүргізілді. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнестің тиімді ставкалар бойынша несиелер алуына мүмкіндік жасалды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар