Мемлекеттік мамандандырылған күзет қызметінің қарауына тек стратегиялық нысандарды ғана қалдыру керек - С. Баймағанбетов

None
None
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов осы ведомствоның қарауындағы мамандандырылған күзет қызметі күзететін нысандардың санын қысқартуды ұсынды. Бұл туралы ол Астанада өткен алқа мәжілісінде мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, ішкі істер министрінің қарауындағы мемлекеттік мамандандырылған күзет қызметінде 18 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар Үкімет айқындайтын нысандарды күзетеді. С. Баймағанбетовтың пікірінше, осы күзетілетін нысандардың көбін бәсекелестік ортаға беруге болады. Қазіргі кезде елімізде күзет қызметін көрсету бойынша нарық айтарлықтай қалыптасқанын жеткізген министр, бүгінде жалпы саны 77 мың күзетші қызметтерді құрайтын 3,5 мың заңды тұлғалар жұмыс істейтінін айтып өтті.

Министрдің пікірінше, бұл тізімді қарастырып, Ішкі істер министрлігінің қарауына аса маңызды стратегиялық нысандарды қалдырып, ал қалғанын бәсекелестік ортаға бөлу керек. Оның сөзіне қарағанда осыған орай ішкі істер органдарының санын қысқарту үшін үлкен резерв туындайды. «Аталған мамандандырылған күзет құрылымында істейтін адамдар бір тәулік жұмыс істеп, екі тәулік дем алады. Атап айтқанда олар ешқандай полициялық қызметті атқармайды. Яғни, олардың жұмысы нысанды күзету қызметімен сәйкес келіп отыр», деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар