Мемлекеттік қызметтің сапасы қалай жақсарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мемлекеттік басқаруда азаматтық қоғамның қатысуын жақсартуға арналған конференция өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы елімізде 2014 жылы қазанда іске қосылды және төрт жыл мерзімде АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауы арқылы Орталық Азияның Еуразия қорымен Қазақстан мен Тәжікстан аумағында жүзеге асырылды.

Аталған бағдарламаның мақсаты - тиімді мелмекеттік басқару саласындағы бастамаларды алға жылжыту, оның ішінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту. Одан бөлек, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестікті қалыптастыру.

«Біздің министрлік бұндай жобаларды қолдайды, өздеріңіз білетіндей Елбасы сонау 2003 жылғы жылдауында үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің негізгі тірегіне айналуы тиіс деп айтқан болатын. Тағы бір айта кетерлігі осы бағдарлама арқылы біздің азаматтарымыз өз жобаларын іске асыруда, яғни мемлекеттен көмек күтіп отырмай, басқа да бар мүмкіндіктерді пайдалануда, оның үстіне бағдарлама халықаралық және толық қаржыландырылған. Төрт жылдық еңбек өз нәтижесін көрсетіп отыр, азаматтық қоғамның белсенділігінің арқасында 40 -тан астам жоба жүзеге асырылды», - деді ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқаршуы Гүлбара Сұлтанова. 

Аталған бағдарлама аясында Қазақстанда төрт жыл ішінде (2014-2018 жж) 43 жоба жүзеге асырылды. Тікелей бенефициарлар саны 22 436 адам, оның 75%-ы әйелдер, 40%-ы жастар. Іске асырылған жобалар негізінен әлеуметтік осал топтар, мүгедектігі бар және АҚТҚ/ЖҚТБ өмір сүрушілердің қатысуымен жүзеге асырылды.

Сонымен қатар аталған бағдарламаның Қазақстанда жүргізуінің негізінде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ағымдағы заңнамалық нормалар мен актілерді жетілдіру бойынша 30-дан астам ұсыныстар еліміздің республикалық және жергілікті органдарға жеткізілді. Олардың шамамен 40%-ы парламент пен министрліктер деңгейінде қабылданды. 
null 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар