Мемлекеттік қызметтердің көпшілігі смартфонға ауыстырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметтердің көпшілігі смартфонға ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұжырымдама көші-қон процестерін цифрлық тұрғыдан дамытуды жоспарлайды. Сондықтан, көші-қон процесін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды қайта қарастырып, оңтайландырамыз. Көптеген мемлекеттік қызметтерді смартфонға ауыстырамыз», - деді Марат Ахметжанов бүгін Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, аталған іс-шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

«Жалпы, цифрлық форматқа ауысу, сондай-ақ уәкілетті органның еңбек мигранттарына қатысты саясатты жеңілдету нәтижесінде елімізде заңсыз болушылар көлеңкеден шығады деп сенеміз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар