Мемлекеттік қызметтердің 93% онлайн түрде қолжетімді – Бағдат Мусин
2022 жылғы 28 маусым 09:30

Мемлекеттік қызметтердің 93% онлайн түрде қолжетімді – Бағдат Мусин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда адами факторсыз құрылатын электронды мемлекеттік қызметтер санын арттыру керек. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнесс процесстердің реинжинирингі негізінде мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге, атап айтқанда олардың жаңа тізімін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, қызмет түрлерінің саны 1300-ден асып кетті. Мәселен, «жылжымайтын мүлікті тіркеу» қызметі іс жүзінде 26 түрлі қызметтен тұрады. Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы, мемлекеттік органдарға жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтер тізімін одан әрі кеңейту туралы тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Б. Мусин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93%-ы онлайн түрде қолжетімді, бірақ кейбір мемлекеттік органдарға бұл жұмысты әлі де жетілдіру қажет.

«Осы жаңа бастама негізінде автоматтандырудың жетілдірілген метрикасын енгізудеміз. Бұл проактивті және толық автоматтандырылған қызметтер санын, яғни адами факторсыз құрылатын қызметтер 6% пайызды құрайтынын көрсетті. Айталық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі маңызды әлеуметтік қызметтерді проактивті форматқа өткізуде ауқымды жұмыс жүргізеді. Бұл қызметтер халық арасында өте жақсы бағалануда. Проактивті қызметтерді енгізу жұмысын басқа да меморгандарға жандандыру қажет. Мәселен, министрлік жүргізген талдау мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі, яғни адами фактормен құрылатын қызметтер саны шамамен 85 пайыз екенін көрсетті. Бұл – өте үлкен көрсеткіш», - деді Цифрлық даму министрі.

Сол себепті Б. Мусин мемлекеттік органдардың адами факторсыз құрылатын электронды қызметтер санын арттыруға белсенді атсалысуы қажеттігін айтты.

«Осы орайда, Әлихан Асханұлы, меморгандар өздерінің бизнес процестерін қайта қарап, толық автоматтандырылған электрондық қызметтер түрін 50 пайызға жеткізуі қажет», - деді Бағдат Мусин.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT