Мемлекеттік қызметтердің 80%-ын халық смартфон арқылы алып отыр - Әлихан Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу 92%-ға дейін жетті. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр.

«Министрлік алдында мемлекеттік қызметті және жалпы экономиканы цифрландыру бойынша бірқатар маңызды міндеттер тұр. Өткен жылы электронды түрде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің деңгейі 92%-ке дейін жетті. Оның 80%-н халық смартфон арқылы алып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ «Электрондық үкімет» халықаралық рейтингінде Қазақстан 28-орынға ие болды. Елді мекендердің 77%-і мобильді кең жолақты интернетпен қамтылған, оның ішінде 3G технологиясы бойынша – 44%, 4G – 33%», - деді Әлихан Смайылов аталған жиында.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы оң динамиканы биыл да жалғастыру керектігін айтты.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыруға бар күш-жігерді жұмылдыру қажет», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар