Мемлекеттік қызметтен кететіндер қатары сиреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жылда мемлекеттік қызметтен кететін кадрлар саны 6,2 пайызға азайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов айтты.

«Соңғы екі жылда кадрлардың кету көрсеткіші 6,2 пайыздан аспауда. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіргендердің арасында қызметінің бірінші жылында өз еркімен жұмыстан шыққандардың саны едәуір қысқарды. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: біріншіден, жас қызметшінің жұмысқа бейімделуіне жәрдемдесетін тәлімгерлік институтының жұмысы жақсарды; екіншіден, ұғынықты таңдау жасаған жастардың саны артып, «кездейсоқ адамдардың» саны азайды. Басқаша айтқанда, соның ішінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын жоғарылату бойынша қабылдаған шаралар кешенінің арқасында, біз көпшілік оны «трамплин» немесе «уақытша тұрақ» ретінде көретін мәселені шеше алдық», - деді Жарқын Тілеукенов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет барынша әлеуметтік бағдарланған жұмыс беруші болып қалуда.

«Тәжірибесіз адам үшін жұмысқа тұру оңайға түспейтіні ешкімге де құпия емес. Рекрутингтік сайттарды қарайтын болсақ, жұмыс берушілердің көбісі еңбек өтілін талап етуде. Бұл ретте мемлекеттік қызмет жас, білімді әрі отансүйгіш жастарға ашық екені мәлім. Жұмыс тәжірибесі жоқ, бірақ тиісті білімі мен әлеуеті бар жоғары оқу орнының кез келген түлегі мемлекеттік қызметке, соның ішінде бірден министрлікке жұмысқа тұра алады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар