Мемлекеттік қызметтегі еңбекақы қандай деңгейде өсетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов оңтайландыру шаралары нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер еңбекақысы қандай көлемде өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Штаттың санды оңтайландыру ықшамдау мен бизнес-процестерді автоматтандырумен қатар жүреді. Сонымен қатар, бірқатар басқарушы буынды қысқарту ұсынылады», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ынталандырушы фактор ретінде төменгі бөлімдердегі қызметшілердің еңбекақысы өсетінін жеткізді.

«Өткен жылы төменгі лауазымдардың еңбекақысы 25 пайызға артқан еді. Шататтық санды оңтайландыру арқасында орташа есеппен еңбекақыны тағы 15 пайызға арттыру мүмкіндігі болады», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар