Мемлекеттік қызметтегі азаматтарға қатысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депуаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілетін жандардың  құқықтық жағдайы мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталмыш құжат мемлекеттік аппараттың лауазымды тұлғалары мен оларға теңестірілген адамдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп отыр. Сонымен қатар, олардың бағалы қағаздар нарығын дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік шараларға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

 Отырыс барысында депуаттар заң жобасын жан-жақты талқылап, оған бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізу қажеттігіне байланысты Мәжіліске қайтару қажет деп шешті.

Соңғы жаңалықтар