Мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жүйесін өзгерту керек – Олжас Құдайбергенов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жүйесін өзгерту керек.

Мұндай пікірді Қаржы министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Олжас Құдайбергенов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеуге қатысты проблеманың екі қыры бар. Біріншісі - бұл шенеуніктер саны қажетті көрсеткіштен артық. Айталық, 2011 жылы мемлекеттік қызметшілер саны 65 мың болса, қазір шамамен 98 мың адамға жетіп жығылады. Яғни, 9 жылдың ішінде 50 пайызға жуық көбейіп отыр. Өсім күштік мемлекеттік қызметшілердің бір бөлігінің әкімшілік азаматтық мемлекетті қызметшілер санатына ауыстырылуымен түсіндіріледі. Әрине, артық лауазымдарды алып тастау арқылы мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту да қажет. Проблеманың екінші қыры – жалақы төлеу», - деді ол.

Осы ретте ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараты жаңарту туралы айтқанын, соның аясында жалақы төлеу жүйесін өзгертіп, мемлекеттік аппаратты да барынша жаңғырту қажеттігін баса айтты. Мемлекеттік қызметшілер жалақысының төмен болуы жемқорлық проблемасына түрткі болуы ықтимал екендігін де атап өтті.

«Жалақы төлеу жайында сөз қозғағанда олардың еңбекақысы төмен екендігіні байқаймыз. Осы кемшілікті жою қажет. Жағдай өзгере бастаған кезде көптеген оң жайтты байқайтын боламыз. Қаржы бөлу немесе жеңілдіктер мен материалдық ынталандыру ұсынуға қатысты шешімдерді вице-министр, әкім, әкімнің орынбасары деңгейінде қабылдайтындай жасағанымыз жөн болар еді», - деді Олжас Құдайбергенов.


Соңғы жаңалықтар