Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желіде жеке парақшасын жүргізуге бола ма

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде парақша ашуға рұқсат етілген, бірақ белгілі бір шектеулер бар. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің жеке парақшасын жүргізуінде бірқатар шектеу бар.

«Әлеуметтік желілердегі парақшалардың мазмұнына қатысты азаматтарды арандатпауға және мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтірмеуі тиіс тұстар бар. Мемлекеттік қызметшілерге қымбат көліктердің, сәнді ғимараттардың, мейрамханалардың және тағы басқа фонында ойын-сауық орындарында түскен фотосуреттерін жариялауға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық қағидаларды ұстануы керек», - деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, ол аталған шектеулерден басқа, Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін ақпаратты, тыйым салынған заттарды қолдану арқылы әдепсіз мінез-құлықты көрсететін фотосуреттерді жарияламауы және нақты діни ұстанымдарын көрсетпеуі тиіс екенін ескертті.


Соңғы жаңалықтар