Мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынас қағидасы енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің халықпен қарым-қатынас әдебі туралы арнайы қағидалар енгізу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сенім туралы айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің әдебін айналып өте алмаймын. Соңғы төрт жылда этикалық құқықбұзушылықтар екі есеге азайса да, шешілмеген мәселе көп. Енді мемлекеттік қызметте мінсіз бедел ұғымын енгізетін уақыт жетті. Мемлекеттік қызметшінің халықпен қарым-қатынасы тиісті деңгейде болуы керек», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттік алқасының кеңейтілген отырысында.

Одан бөлек, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынас құзіреті стандарты енгізілетінін хабарлады.

«Театр киім ілгіштен басталса, мемлекеттік қызметшілердің жұмысы телефон қоңырауынан білінеді. Көптеген мемлекеттік қызметшілер қоңырауға селқос жауап береді (...) Бұл мәселені реттеу үшін мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік құзірет стандарты енгізіледі. Жақында оны барлық мемлекеттік органға таратамыз. Яғни, бұл - мемлекеттік қызметшінің халықпен қарым-қатынас жасау ережесі», - деді А. Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар