Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне өзгерістер енуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғам мен сарапшыларды тартып, кез келген сынға ашық болуы керек.

Мемлекеттік басқарудың жаңа құндылықтары шенеуніктерге осындай міндеттер жүктемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев «Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын БАҚ өкілдеріне таныстыра келіп, ондағы мемлекеттік басқарудың жаңа құндылықтарын атады.

«Тағы да бір маңызды мәселе – мемлекеттік басқарудың жаңа құндылықтарын енгізу қажет. Бұл құндылықтар: инновацияларға ашықтық, жеке жауапкершілік, өкілеттіктерді табыстау, азаматтар мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлану, тиімділік пен нәтижеге бағдарлану, бизнес-процестерді оңтайландыру және бюрократияны жою жөніндегі жолдарды ұдайы іздестіру, азаматтық қоғам мен сарапшылық қоғамдастықты мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне белсенді түрде тарту және диалогқа және негізді сынға ашықтық», - деді Агенттік өкілі.

Дархан Жазықбаев әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысы «360 градустық» өлшем бойынша бағаланатынын айтады. Яғни, оның әдеп деңгейі басты назарда болады. Сондай-ақ, айналасындағы адамдардың, басшысы мен бағынышты қызметкерлердің, әріптестерінің пікірін білу үшін «анонимді бағалау» тәсілі қолданылмақ.

«Осыған байланысты, әдеп жөніндегі әукілдер институтын жандандыра отырып, алдағы уақытта Әдеп кодексін де жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылады», - агенттік төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар