Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді. Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар