Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Мемлекеттік қызметшілер үшін киберқауіпсіздіктен онлайн-курстар өткізіледі

2019 жылғы 11 шілде 14:25 1724
Бөлісіңіз:
 Мемлекеттік қызметшілер үшін киберқауіпсіздіктен онлайн-курстар өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін киберқауіпсіздіктен онлайн-курстар өткізіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, министрлікі Cisco желілік академиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер үшін онлайн оқу курстарын ұйымдастырып отыр. Мұндағы басты мақсат - қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерден  хабардар болу деңгейін арттыру.

«2019 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға дейін Қазақстанның 20-дан астам мемлекеттік және 17 жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері тегін оқытылады.  5 аптаға есептелген оқыту бағдарламасы 5 блоктан тұрады», - делінген ведомство мәліметінде.

Cisco желілік академиясының оқу бағдарламасына қатысуға ниет білдіруші мемлекеттік қызметшілер бағдарлама сайтына кіріп, тіркеле алады.

Қазақ тілінде оқушылар мына, сондай-ақ  орыс тілінде оқушылар үшін осы сілтемелері арқылы тіркелу қажет. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT