Мемлекеттік қызметшілер Үржардағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының барлық мекемелері мен кәсіпкерлері Науалы балалар үйінің тәрбиеленушілерін халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл осы күні лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Айта кетейік, балалар үйінің тәрбиеленушілері жазғы демалыстарын «Тарбағатай» сауықтыру саяжайында өткізеді.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің аппарат басшысы Найманғазы Қараталов Үржар ауданының басшысы Серік Зайнулдиннің атынан мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Сонымен бірге аудандық білім бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова, №2086 әскери бөлімі, мәдениет үйінің директоры Майра Кебіспаева және аудандық және облыстық мәслихат депутаттары жылы лебіздерін білдірді.

 Науалы балалар үйінің оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлнәр Зулхарнайқызы келген қонақтарға ұжым атынан алғыс айтты. Одан әрі «Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты концертке ұласты. Аталмыш шара барысында өнерге деген ынтасы мол жасөспірімдер қонақтардың алдында өнерлерін паш етті.
null 

Соңынан 2086 әскери бөлімінің сарбаздары балаларды мейрамдарымен құттықтап, шағын концерттерін ұсынды.

«Науалы балалар үйінде бүгінгі күні 54 бала тәрбиеленіп отыр. Балалардың барлығы мемлекеттік тұрғын үй қорына кезекке тіркелген және жеке есепшоттары бар. Мемлекеттен тиісті жәрдемақылар осыған аударылып, оны мекеме бақылап отырады. Балалардың барлығының әлеуметтік статусы толық анықталып, республикалық банк жүйесінде тіркелген. Әрбірінің жылжымайтын мүлігі уақытында заңды түрде қамқорлыққа алынып отыр. Осы оқу жылында бес бала жанұяға орналасты», - дейді Науалы балалар үйінің директоры Тұрсын Домбаланов.

Айта кетерлігі, олардың білімдегі, өнердегі, спорттағы жетістіктері жетерлік.

null

Соңғы жаңалықтар