Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта этиканы ұстануға міндетті ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметшінің әдебі - өте маңызды мәселе. Біз олардың (мемлекеттік қызметшілердің - авт.) түнгі клубта жүріп, ішімдік ішкені туралы халықтың наразылығын көргіміз келмейді. Және бұл мемлекеттік қызметшіге жараспайды. Мемлекеттік қызметші эталон болуы тиіс және осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз», - деді Анар Жайылғанова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да этиканы ұстануға міндетті.

«Мемлекеттік қызметшінің қоғамдық орындарда ішімдікке мас болып жүруіне жол беруге болмайды. Бұл туралы менің жеке ұстанымым да осындай», - деді А. Жайылғанова.

Соңғы жаңалықтар