Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының 10 пайызға өсуі дер кезінде берілген көмек деп білемін - М. Махамбетова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2014 жылы сәуірдің 1-інен бастап жалақыға 10 пайыз үстеме қосылуы мемлекеттік қызметкерлерге дер кезінде ұсынылған көмек деп білемін, - деді Алматыдағы №93 бөбекжайының меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетова.

Ол Елбасының тапсырмасы іске асырылып жатқанына қуанышты екендігін айтып өтті.

«Елбасының саясатын жүзеге асырып отырған Үкімет 2014 жылы сәуірдің 1-інен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 10 пайыз үстеме қосылуы туралы №269 қаулыны бекітті. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің одан әрі белсенді жұмыс істеп, мемлекеттің игілігіне қызмет етуіне серпін болары сөзсіз. Әсіресе, еліміздің білім беру саласында маңызды рөл атқаратын балабақша қызметкерлері үшін өте тиімді көмек деп ойлаймын»,- деп жалғастырды ол.

«Айта кететін бір мәселе, ендігі кезекте ел Үкіметі коммуналдық төлемдер мен халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспеуін катаң қадағалап отырса, нұр үстіне нұр болар еді», - деп атап өтті Мейрамгүл Махамбетова.

Соңғы жаңалықтар