Мемлекеттік қызметкерлердің үштен бірі «3» деген баға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл алғаш рет «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау шаралары атқарылды. Оған 64,5 мың мемлекеттік қызметкер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағалау қорытындысы бойынша қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің 10,8 пайызы «өте жақсы» деген бағаға ие болса, 63,2 пайызы «жақсы» көрсеткішіне жете алды. Ал 26 пайызының жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағаланды.«Қанағаттанарлық емес» деген бағаны алғандар да бар.

Ағымдағы жылы желтоқсан айында «А» корпусының қызметшілерін бағалау жұмыстары жүргізіледі деген жоспар бар. Бұл бағалаудың қорытындысы мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруға тікелей әсер етеді.

Айта кетейік, биылдан бастап Қазақстанда меритократия қағидаларына мен ашық конкурс арқылы іріктеу негізінде мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі жұмыс істей бастады. Осының арқасында конкурстан тыс тағайындаулар мен ауысулар 25 есеге (5300-ден 226-ға дейін) қысқарды.

Соңғы жаңалықтар