Мемлекеттік қызметке қабылдау саласына енгізілетін мораторий жайлы айтуға әлі ерте - Жайылғанова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметке қабылдау саласына енгізілуі мүмкін мораторий туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынына келгенде бұл тұрғыда мораторий туралы айтуға әлі ерте. Біз ол туралы ойлағанбыз. Алайда мораторий бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Себебі биылдың өзінде Мемлекет басшысының тапсырмасын (мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқарту туралы) жоспар бойынша кедергісіз орындаймыз», - деді деді Анар Жайылғанова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік басшысының айтуынша бұл мәселе әлі талқылау деңгейінде ғана тұр.

«Президент Әкімшілігі тарапынан нақты шешім болған жағдайда қосымша хабарлаймын», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Анар Жайылғанова мемлекеттік аппаратты қысқартуға қатысты жұмыс жоспарымен бөліскен болатын.

«Біз мораторий жарияламақпыз. Мәселе зерттеліп, мақұлдау сатысында тұр. Белгілі бір уақыт ішінде ешкімді мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстарына моратоий жарияламақпыз. 2020 жылдың соңына дейін, 2021 жылда да солай болатын секілді. Себебі қысқарту туралы айтумен қатар жұмысқа азаматтарды алу дұрыс емес», - деген еді Анар Жайылғанова Президенттік жастар кадрлық резервіндегі азаматтармен елордадағы кездесу барысында.


Соңғы жаңалықтар