Мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жүргізіледі – Анар Жайылғанова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IX Азаматтық форумда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызмет көрсетудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел мән беру – мемлекеттік органдар қызметінің маңызды басымдықтары болып саналады. Мемлекет басшысы азаматтық қоғамның мемлекет саясатын іске асыруға белсенді қатысуы қажеттігін үнемі айтып келеді. Халыққа қызмет көрсетуді мемлекеттік қызметтің жалпы міндеті деуге болады, ал қызмет көрсету сапасын халықтың сұранысына қарай арттыру – мемлекеттік қызметшінің этикалық тәртібінің негізгі постулаттарының бірі», - деді Анар Жайығанова «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты ҮЕҰ өкілдерімен кездесуде.
Агенттік басшысы үкіметтік емес ұйымдардың халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылаудың белсенді қатысушыларына айналғанын атап өтті. Қызмет көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, сыбайлас жемқорлық сын-қатерлерін азайту мақсатында агенттік бастамасымен барлық өңірлерде мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар мүшелерінен ведомствоаралық жұмыс топтары құрылған.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша азаматтық қоғамның қатысуымен халықты цифрлық сауатқа оқыту шаралары ұйымдастырылған. 400-ден астам цифрлық волонтерлер азаматтарға автоматтандыру аясында енгізілген қызметтерді көрсету жаңалықтарын түсіндіріп жүр. Еріктілердің арқасында мемлекеттік қызмет алушылар ЭЦҚ-ны онлайн рәсімдеу мен ұзарту, ХҚО-ға бару кезегін брондау, «eGovKZbot 2.0» телеграмм-боты мен «Электрондық үкімет» мобильді қосымшасын пайдалану машықтарын үйренді», - деді А. Жайылғанова.
Сонымен бірге, «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңға сәйкес агенттік жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізеді.
«Биыл мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі 9000-нан астам респондентті қамтиды және әлеуметтік маңызы бар 70 қызмет бойынша жүргізіледі, оның нәтижелері желтоқсан айында жарияланады», - деп түсіндірді Анар Жайылғанова.
- Саяси реформалардың жаңа пакетінде оң нәтижелер болады - Бану Нұрғазиева
- Марат Бәшімов: Сот кадрларын іріктеу ісін әлі де жетілдіру керек
- Елордада ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
- Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова
-
Ақмола облысында мемқызмет көрсету сапасына қатысты шағым азайған
-
Президент айтқан реформалар партиялық жүйені эволюциялық дамытуға арналған - Мадина Бектенова
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам