Мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хабқа ұмтылған Қазақстан өз алдына зор мақсат қойып отыр - БҰҰ ДБ өкілі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хабқа ұмтылған Қазақстан өз алдына зор мақсат қойып отыр. Бүгін елордада жалғасын тапқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару: ахуалы мен болашағы» атты жаһандық конференциясы барысында БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Тулл осылай мәлімдеді.
БҰҰ ДБ өкілінің сөзіне қарағанда, меритократия негізінде мемлекеттік қызмет персоналын басқару тәжірибесі кез келген мемлекетте зор нәтижелерге жеткізеді. Сонымен қатар, басқарудың осы жүйесі барлық кәсіби мамандарға бірдей мүмкіндіктер береді. Стивен Туллдың айтуынша, меритократияға негізделген мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың әділ тәжірибесі мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен сапасын арттырып, адамдарға өз жұмысын жоғары деңгейде атқаруға жағдай қалыптастырады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте есептілік пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Меритрокатияға негізделген мемлекеттік қызмет персоналын басқару жұртшылықтың билікке сенімін арттырады. Жалпы, мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабқа ұмтылатын көптеген мемлекеттер алдарына зор мақсаттар қойып отыр. Қазақстан да - сондай елдердің бірі. Бұл ретте «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттары да үлкен маңызға ие. Стратегиядағы мақсаттарға жету үшін тұрақты түрде адами капиталды дамытуға басымдық беру қажет. Сондай-ақ, қоғамның дамуында үлкен рөл атқаратын институттарды қалыптастырудың маңызы айырықша», - деп атап өтті БҰҰ ДБ өкілі.
- COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады
- Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелерінің туларын орнату рәсімін өткізді
- 2021 жыл Халықаралық көкөніс пен жеміс жылы деп жарияланды
- Жаңа экологиялық кодекс елдегі парник газының шығарындыларын азайтады
-
БҰҰ адамзат бауырластығының халықаралық күнін жариялады
-
БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам