Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басшысының кеңесшісі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев ведомствода жаңа тағайындаулар болғаны туралы хабарлады.

«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметіне бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде департамент директорының орынбасары болған Мәдина Наурызбек тағайындалды. Ол ҚазГЗУ түлегі және «Болашақ» бағдарламасымен Нидерландыдағы Маастрихт университетінде құқықтану бойынша магистратура бітірген», - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ, А. Шпекбаев төраға кеңесшісі қызметіне Нұрлан Жақсымбетовтің тағайындалғанын хабарлады. Ол «Самырұқ-Қазына Инвест» ЖШС-ында бас менеджер болған, консалтинг саласында тәжірибесі бар маман. М.В. Ломоносов атындағы ММУ түлегі. 

Соңғы жаңалықтар