Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ақмола облысында мемқызметшілермен кездесті

2022 жылғы 11 мамыр 16:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-сапар барысында Дархан Жазықбаев өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ұжымымен кездесті.

Жиында мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметті алуда әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ халықтың билік институттарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

Агенттік төрағасы «мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың басты мақсаты – халық үніне құлақ асатын мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» екендігін атап өтті. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа, мүдделер қақтығысына, заңға қайшы әрекеттерге, қоғам тарапынан сынға ұшырайтын қылықтарға, мемлекеттік аппараттың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар