Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Астана триатлон паркінде сенбілік өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп санитарлық нормалар мен эпидемиологиялық жағдайды сақтай отырып, «Астана» триатлон паркінің аумағында жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікте коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған қызметкерлер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50-ге жуық қызметкер аумақты санитарлық тазартудан өткізіп, қоқыстарды жинап, ағаштар отырғызды, осылайша қаланы абаттандыру мен көркейтуге өз үлестерін қосты.

Елорда тұрғындарының осындай іс-шараларға қатысуы қала үшін де, сенбілікке қатысушылар үшін де өте маңызды.

Өйткені, саябақ-бұл бүкіл отбасымен демалуға болатын көрікті аумақ.

Егер қаламызды таза ұстап, табиғатқа қамқорлық жасасақ, біз келешек ұрпақтың денсаулығына үлес қоса аламыз.


Соңғы жаңалықтар