Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облыстық департаментіне жаңа басшы келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Руслан Медетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Расул Махмұдұлы Медетов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚазГЗУ-дің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шеффелд (Ұлыбритания) университетінде магистратураны бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан жастар одағы» ЗТБ-ның экономикалық және ақпараттық-технологиялық дамыту бөлімінің маманы қызметінен бастаған.
ҚР Жоғарғы Сотында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті басшысының орынбасары лауазымында болған.
Өткен жылдың қаңтарынан бері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қзымет департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдың 13 сәуірінен бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментін басқарған.
Айта кетерлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментіне жетекшілік ететін болды.
- Атырау облысының әкімі азаматтарды онлайн қабылдады
- Коронавирус: Теңіз кенішінде карантиндік шектеулер ұзартылды
- Карантин: Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды
- Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
-
Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
-
БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы мемқызметтердің қолжетімділігін оң бағалады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам