Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астанадағы департаментіне жаңа басшылық тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен аталмыш агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы мен оның орынбасары тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы қызметіне Жазира Жылқышиева тағайындалды.

Жазира Жылқышиева - Қызылорда облысының тумасы. Қызылорда педагогикалық институты физика-математика факультетінің түлегі, сондай-ақ «Болашақ» университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын Жалағаш ауданындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

Түрлі жылдары Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқармасында бас маман, бөлім басшысы; Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары; Қызылорда облысы әкімдігінің аппаратында кадр жұмысы бөлімінің басшысы; Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары басқармасының басшысы; ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қызылорда облыстық әдеп кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қарашасынан - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің әдеп кеңесі хатшылығының меңгерушісі - департамент басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды. «Астана - адалдық алаңы» жобасына жетекшілік етеді.

Сондай-ақ конкурстық іріктеудің нәтижесі бойынша, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметіне Гүлмира Қабиева тағайындалды.

Гүлмира Қабиева - Павлодар облысының тумасы. Орталық Азия университетін «Қаржы және несие», Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» және Еуразия инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарған. Осы тағайындауға дейін  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облыстық департаменті басшысының орынбасары болды.

Сондай-ақ, ол «Protecting business and Investments» жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев Жылқышиева мен Қабиеваны құттықтай отырып, осы тағайындау қазақстандық әйелдердің алдарына мақсат қоя білетіндігін және олар мемлекеттік басқару мәселелеріне белсенді жұмылдырылып отырғанын дәлелдейтінін айтты.

«2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік индексінде Қазақстан «экономикалық қатысу және әйелдердің мүмкіндіктері» көрсеткіштері бойынша 144 елдің ішінен 30-орын алды. Бүгінде әйелдер дәрігер, педагог, есепші болып қана қоймай, министрліктер мен әкімдіктерде мемлекеттік саясат басшылары ретінде табысты қызметтер атқарып келеді. Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 55%- әйелдер. Оның ішінде 29% - жоғарғы шенді басшылар», - деді Алик Шпекбаев.

 

Соңғы жаңалықтар