Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы департаментіне жаңа басшы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Данияр Таумұрат тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Данияр Таумұрат 1982 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған. Сондай-ақ Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің түлегі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.

2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.

2014-2015 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыстар комитетін басқарған. 2015 жылдан осы уақытқа дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

Осы тағайындауға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде департамент басшысы болды.

Данияр Таумұратты таныстырған агенттік аппаратының басшысы Саян Ахметжанов орталық аппараттағы тәжірибені өңірлермен бөлісу маңыздылығын атап өтті.

«Орталық-өңір» қағидасы бойынша жүзеге асып отырған осы кадрлық алмастыру өңірлік органдарды нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Саян Ахметжанов.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментін бұдан бұрын басқарған Айгүл Байханова ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен.

 

Соңғы жаңалықтар