Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ыңғайлы сервистік кеңселер ашады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келушілерге арналған сервистік орталықтар ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызмет бабымен біздің ведомствоға көптеген адамдар келеді. Біздің тексерулер, турникеттер, құжаттамалар көпшілікке ыңғайсыздық туғызады. (...) Қарапайым тұрғындар үшін біздің мекемелерге кіру тіпті қиын. Сондықтан жаңа қабылданған жол картасы дәл осы ыңғайсыздықтарды жояды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы штабының басшысы Хаким Көшқалиев Астанада өткен брифингте.

Оның айтуынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың 2019 жылдың 17 қаңтардағы бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдағы үш жылға дейінгі даму кезеңіне арналған Жол картасы бекітілді.

Құжатта агенттік пен өңірлерде кедергісіз қызмет көрсететін сервистік орталықтар ашу қарастырылған.

«Енді Ұлттық бюроға келушілер үшін турникеттер және кезекші бөлім офицерінің «Сәлеметсіз ме, смартфондарыңызды ұяшыққа қалдырыңз!» деген салқынқанды амандасуы болмайды. Оның орнына жарқын жүзді кеңесшілер және келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалған - уақытты барынша тиімді басқару, жайлы жиһаз, ауыз су, WI-FI, өтініштерді жедел тіркеу қызметтері ұсынылады», - деді Х. Көшқалиев.

Соңғы жаңалықтар