Мемлекеттік қызмет істері агенттігі HR институты болып қайта құрылады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институты болып қайта құрылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институты болып қайта құрылады. «Заң және тәртіп» бесінші бағыты бойынша 23 іс-шара жоспарланған. Заң үстемдігі мен сот төрелігінің әділ атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңнамаға, оның ішінде сот төрағаларын судья лауазымдарына өзгертіп, судьялардың тәуелділігін төмендете отырып, олардың тең мәртебесін қамтамасыз ететін өзгерістер енгізу көзделеді», -деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Жолдауды іске асыру аясында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжат әзірленетіні айтылды.

«Адам өлтіру, қарақшылық жасау және тағы басқа ауыр қылмыс жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату доғарылады», - деді Ұлттық экономика министрі.


Фото: t.me/KZgovernment


Соңғы жаңалықтар