Мемлекеттік қызмет департаментінде «Ашық есік күні» өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде М. Сапарбаев және М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Басқосуда Мемлекет басшынының Жолдауында айтылған жастардың білім сапасын арттыру, оларды түрлі кәсіпке бейімдеу мәселелері сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл іс-шарада жастарға Департаменттің әрбір басқармасы қызметінің негізгі бағыттары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару реформалары туралы, мемлекеттік қызметке түсу шарттары туралы және дарынды жастар үшін құрылған мүмкіндіктер туралы ақпараттар берілді. Осы күн аясында студенттер Департамент басшылығымен, басқарма басшыларымен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдерімен кездесіп, сұрақтарын қойды. Университет жастары департаменттегі тест орталығы мен кітапханаға барды. «Ашық есік күнінің» басты мақсаты - жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оларды мемлекеттік қызметке тарту, мемлекеттік қызметтің қоғамның дамуы мен өміріне қосқан үлесінің маңыздылығын насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілерін түсіндіру болып табылады»,- деді департамент басшысы Ә. Көмекбаев.

Соңғы жаңалықтар