Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысына қатысты Қазақстан халқына үндеуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек екенін қадап айтты.

«Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар