Мемлекеттік қызмет алушылардан шағым азаяр емес - Дархан Жазықбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жартыжылдықта 74,3 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдан жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласы, оның сапасы мен қолжетімділігі азаматтардың жеке тәжірибесі негізінде мемлекеттік аппаратқа қатысты сенімін қалыптастыратын құралға айналып келеді. Биылғы жартыжылдықта 74,3 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның басым бөлігі, яғни 73,3 млн-ы электронды нысанда. Бұл 98,6 пайызды құрайды. Дегенмен, біздің басты мақсатымыз – цифрландыру үрдісі оңтайлы жолға қойылмай отыр. Соңғы 6 ай ішінде 431 тексеру ұйымдастырылып, 29 мың заңбұзушылық анықталды. Қызмет алушылардан келетін шағымдар азаяр емес. Дәл қазіргі сәттің өзінде қаралып жатқан шағымдардың саны 100-ден асады», - деді Дархан Жазықбаев агенттікте өткен консультациялық-сараптама тобының отырысында.

Оның атап өтуінше, шағымдардың себебі Үкіметке ұсынылған.

«Бүгінгі күні адамдардың қатысуынсыз атқарылатын электрондық қызметтердің үлесі 4 пайыз ғана. Қалған қызметтер электронды нысанда тек өтініш беру немесе оның нәтижесін алумен ғана шектелген. Ал барлық ішкі процестер қызметшілердің мойнында. Одан бөлек, шағымдардың себебі - кей қызметтердің толыққанды емес, жартылай болатындығына қатысты. Бүгінгі таңда 1 323 мемлекеттік қызметті көрсету рәсімі шамамен 400-ден астам заңға тәуелді актілерде, сондай-ақ салалық заңдарда айқындалады. Осы заңдарды қарапайым қызмет алушы түгілі кәсіби мамандарға ұғыну қиынға соғады. Мұндай жағдайда оларда біріздендіру аса өзекті», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар